Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» №475 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде №17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ