Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шілікті ауылдық округіне қарасты «Алишер» және «Әсем» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы  2-тармағының 4)  тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2020 жылғы 03 қарашадағы №731 ұсынысы негізінде  Шілікті ауылдық  округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шілікті ауылдық округіне қарасты «Алишер» және «Әсем» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
13 ноября 2020