шешім

Ішкі  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-2

 

2025 жылғы  15 мамыр                                                                Зайсан қаласы

 

Кабидолдина Нургайни Нурлыбековна

- Зайсан аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

                                            Комиссия мүшелері:                         

Кожекенова Галима Кенжебаевна

-Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

Закенова Гульмира Закеновна

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдакызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы;

 

Исаева Сәуле Токтаркожановна

-Зайсан ауданының ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Зайсан ауданының әкімінің аппарат басшысы 1 бірлік  (E-2 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелеріне, үміткер Қаламов Әділ Мұратбекұлының Зайсан ауданының әкімінің аппарат басшысы 1 бірлік  (E-2 санаты)  мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасу үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Андырбаев Сабыр Мұсабекұлы және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Әділов Ақжан Абзалұлы қатысты.

 

Үміткер Қаламов Әділ Мұратбекұлына өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейлерінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткерлердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Қаламов Әділ Мұратбекұлы – 4,6

Комиссия мүшелері үміткер Қаламов Әділ Мұратбекұлымен  әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

Зайсан ауданының әкімінің аппарат басшысы қызметіне Қаламов Әділ Мұратбекұлын қабылдау Зайсан аудан әкіміне ұсынылсын.

Дата публикации
15 мая 2025