Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 27 сәуірде өткен Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2025 жылғы 30 сәуірде Зайсан ауданы, Зайсан қаласы әкімі ретінде
1982 жылы туған, Зайсан ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласының тұрғыны Тауасаров Ринат Әденбекұлын тіркеді.
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы