ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 110 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2025 жылғы 16 сәуірде № 35986  болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 18.04.2025 ж.) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.  «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту», «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу»  мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жаңа редакцияда белгіленген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Дата публикации
28 апреля 2025