Зайсан қаласы әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 12 152, дауыс беруге қатысқаны – 3 775 (31,06 %).
Сайлау қорытындысында Тауасаров Ринат Әденбекұлы – 2 341 (65,57%), Типеев Ельдар Кусайнович – 1056 (29,58 %), Екибасов Бауыржан Рантаевич – 112 (3,14 %) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 61.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1982 жылы туған, «Зайсан ауданы әкімінің аппарат» ММ аппарат басшысы, Тауасаров Ринат Әденбекұлы – Зайсан қаласының әкімі болып сайланды.
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы