Кеңсай ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1231, дауыс беруге қатысқаны – 1063 (85,52 %).
Сайлау қорытындысында Смаилов Асылан Серикович – 913 (89,20%), Аршабаева Аяужан Сагидоллановна – 56 (5,43%), Кеңесханов Айбек Кеңесханұлы – 55 (5,33%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1988 жылы туған, «ШҚО, Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Смаилов Асылан Серикович – Кеңсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы