Зайсан ауданы әкімдігі,
кәсіподақтардың (қызметкерлердің) аудандық және жұмыс
берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы
2024 - 2026 жылдарға арналған
АУДАНДЫҚ КЕЛІСІМ
Зайсан қаласы, 2024 жыл
Зайсан ауданы әкімдігі,
кәсіподақтардың (қызметкерлердің) аудандық және жұмыс
берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы
2024 - 2026 жылдарға арналған
АУДАНДЫҚ КЕЛІСІМ
Біз, Зайсан ауданы атқарушы билік органдарының, кәсіптік одақтардың аудандық аумақтық бірлестіктерінің және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып, осы қағидаттарды: Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерінымыраға келтіруге барынша қол жеткізу; әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеуді жүзеге асыру; жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларынжәне әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет қағидаттарын тани отырып, 2024 – 2026 жылдарға жасалған Бас келісімді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің негізінде Зайсан ауданы әкімдігі, аудандық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында 2024-2026 жылдарға арналған, әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын осы Аудандық Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1.1. Тараптар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде аудандық салалық, қалалық және аудандық келісімдер, ұжымдық шарттар жасасуды міндетті деп таниды және әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дамытатын ұжымдарға жан-жақты жәрдем көрсетуге, жұмыскерлер үшін әлеуметтік пакеттің ұлғаюына жәрдемдесуге міндеттенеді (Тараптар).
1.1.1. Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде ұжымдық шартқа қол қоюға құқығы бар тараптар жұмыс берушілер мен кәсіптік одақтардың (кәсіподақ бірлестіктерінің) органдарының өкілдері.
Кәсіптік одақтар құрылмаған ұйымдар мен кәсіпорындарда ұжымдық шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 167-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген қызметкерлер ұжымының өкілі қол қояды (Тараптар).
1.2. Осы Келісімге енгізілген міндеттемелер мен кепілдіктер ең төменгі деңгей болып табылады және еңбекшілердің әлеуметтік және экономикалық қорғалуын төмендету жағына қарай өзгертілмейді (Тараптар).
1.3. Осы Келісімге қол қойған тараптар өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімде белгіленген міндеттемелерді өзіне қабылдайды (Тараптар).
1.4. Аудандық әлеуметтік әріптестік жүйесінде жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдарға аудандық, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттардың міндеттемелерін іске асыру бойынша жәрдем көрсетеді (Тараптар).
1.5. Аудандық 3-жақты келісімнің Тараптары ұжымдық шарттарды жасасу мониторингі бойынша жыл сайын қорытындылар шығарып, конференциялар мен еңбек ұжымдарының жиналыстарында олардың орындалуы туралы ақпарат береді (Тараптар).
1.6. Аудандық кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде қалалық, аудандық және салалық келісімдер, ұжымдық шарттар жасасуға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді (Тараптар).
1.7. Тараптардың мүдделерін келісуде әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық, қалалық және аудандық үшжақты комиссиялардың рөлін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруда келесілерді қамтамасыз етеді:
- әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша тұрақты түрде консультациялар өткізеді;
- аудандық, салалық келісімдерді орындаудың міндеттілігін;
- ұжымдық шарттар мен келісімдерді орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейтеді;
- әлеуметтік әріптестік тараптарының, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді (Тараптар);
1.8. Тараптар:
- ұжымдық еңбек дауларын реттеуге, еңбек қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы барлық шараларды қабылдауға;
- еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар, еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамытуға және консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту тренингтерін өткізуге;
- шағын және орта бизнес ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамытуға ықпал етуге міндеттенеді (Тараптар).
Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау жөніндегі шаралар. Жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге ықпал ету
1.9. Тараптар әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алуға және оларды болдырмауға тікелей қатысады және келесідей алгоритмді іске асырады:
- азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды тұрақты талдау және мониторингілеу;
- жұмыс берушілердің (жалақы бойынша берешегі бар) берешекті төлеу кестелерін орындауы және әзірленген іс-шараларды орындауы;
- еңбек қатынастары саласында бар және анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша практикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы келісілген ұсыныстарды әзірлеу;
- бірлескен іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруда тараптарда бар ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, еңбек жанжалдарының алдын алу;
- мемлекеттік органдардың қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың және дағдарысқа қарсы штабтың отырыстарында атқарылған жұмыс нәтижелерін тұрақты қарау (Тараптар).
1.10. Әлеуметтік әріптестік тараптары, жанжал жағдайының туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорын ұжымдары өкілдерімен ай сайын жұмыс кездесулерін өткізу (Тараптар).
1.11. Жанжал туындаған жағдайда Тараптар наразылық акциясы орнына дереу баруды ұйымдастырады, себептерін және жанжалды реттеу жолдарын анықтайды, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қажет болған жағдайда, прокуратура органдары өкілдерінің қатысуымен жоспардан тыс тексерулер жүзеге асырылады. Бұзушылықтар анықталған кезде жұмыс берушілерге тиісті ықпал ету шаралары қолданылады (Тараптар).
Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері
жөніндегі Кеңесті қалыптастыру және оның қызмет тәртібі
1.12. Тараптар паритеттік негізде ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі Кеңесті құрады.
Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу жөніндегі Кеңестің саны мен құрамын әлеуметтік әріптестік тараптарының ұсыныстары бойынша әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия айқындайды. Кеңес өз құрамынан кеңес төрағасын және Кеңес хатшысын сайлайды. Кеңес отырыстары тоқсан сайын және (немесе) қажеттілігіне қарай өткізіледі (Тараптар).
1.13. Кеңестің шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамалармен ресімделеді. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Кеңестің шешімдері еңбек дауы тараптарына Кеңес отырысынан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі.
1.14. Кеңестің шешімдеріне Тараптар не еңбек дауы тарапы дау айтқан кезде, дауды қарау материалдары әлеуметтік әріптестік жөніндегі 3-жақты аудандық комиссияға жолданады.
1.15. Кеңес өз қызметінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық 3-жақты комиссияға есеп беріп отырады және жылына кемінде 1 рет аудандық 3-жақты комиссияның отырысында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
Аудандық тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына, адам капиталына инвестицияларды ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында,Тараптар Келісімнің қолданылу кезеңі қажет деп санайды:
2.1. Өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, менеджмент жүйелерін, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, жалақыны арттыру есебінен еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру (Тараптар).
2.2. Тауарларды өндірушілер мен қызметтерді тұтынушылар арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтау қажеттілігіне қарай тарифтік саясатты жүзеге асыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
2.3. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мен инвестициялық бағдарламалары бойынша қоғамдық сараптаманы жүргізуге ықпал ету (Тараптар).
2.4. Тараптар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысады және өз ұсыныстарын әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның қарауына шығарады(Тараптар).
2.5. Өндірісті тұрақтандыру, оң қаржылық нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі шараларды қолдауға еңбек ұжымдарын жұмылдыру. Еңбек тәртiбiн нығайту, еңбек өнiмдiлiгiн және өнiмнiң сапасын арттыру бойынша еңбек ұжымдарында жұмыстар жүргiзу (кәсiподақтар, жұмыс берушiлер).
2.6. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін экономикалық тәуекелдер туындаған кезде, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасасу және мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жүргізу (Тараптар).
2.7. Қаржы-экономикалық дағдарыстардың салдарына байланысты немесе таратылуына байланысты өндіріс көлемінің төмендеуімен байланысты шұғыл жағдайларды қоспағанда, жұмыскерлердің жаппай босатылуына (жұмыскерлердің жалпы санының 10% - дан астамы) жол бермеу (өндірістік объектілерді консервациялау). Өзара консультациялар негізінде қаржыландыру көздерін айқындай отырып, босатылатын қызметкерлерді жұмысқа орналастыру жөніндегі шұғыл іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу(әкімдік, жұмыс берушілер).
Жұмысшылардың жаппай босатылу (жұмысшылар санының 10% -дан астамы) қаупі жағдайында жұмыспен қамту жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік органға, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға және кәсіподаққа кем дегенде 2 ай бұрын хабарлау. Өзара консультациялар негізінде қаржыландыру көздерін анықтай отырып, жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру бойынша жедел шаралар бағдарламасын әзірлеу (Тараптар).
2.8. Кредиттік қаражатты арзандату, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу арқылы жұмыс орындарын құруды қаржыландырумен өндірістік қызметті жандандыруды қамтамасыз ету (әкімдік, жұмыс берушілер).
2.9. Құқықтық мәдениетті аттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұлжытпай орындау мақсатында еңбек құқықтық қатынастарын реттеу бойынша әр түрдегі тұрақты консультациялар өткізу (Тараптар).
2.10. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, туындайтын еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету (кәсіподақтар).
2.11. Келісімге енгізілген проблемалар, басқа әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қабылданған шешімдер мен ережелер туралы бір-бірін ресми түрде хабардар ету (Тараптар).
2.12. Департаменттер мен басқармалардың алқалық органдарына, еңбек қатынастары және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты сұрақтарды қарау кезінде, тиісті кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілердің өкілдерін қосу (әкімдік).
2.13. Жұмыскерлердің ақшалай табыстарын сатып алу қабілетін қолдау мақсатында жұмыс беруші жыл сайын бірінші тоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болжанатын жылы айқындаған инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жалақыны индекстеуді жүргізеді. Осы мәселені жыл сайын экономикалық мүмкіндіктер болған кезде қарастыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
2.14. Ай сайын, жұмыскерлерге жалақы төленуіне қарай, олардың жазбаша өтініші негізінде кәсіподақ комитеттерінің есеп айырысу шоттарына бухгалтерия арқылы мүшелік кәсіподақ жарналарын аудару (жұмыс берушілер).
2.15. Жұмыс берушілер қызметкерлердің өкілдерімен (кәсіподақ) бірлесіп, ұжымдық шартқа қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, мереке және демалыс күндері қосарланған мөлшерден төмен емес еңбекақы, ауысым кестесінен тыс түнгі уақытта жұмыс ақысын қосарланған мөлшерден төмен емес төлеу мүмкіндігін қарастыру.
2.16. Еңбекке ақы төлеудің дәстүрлі емес түрлеріне /заттай төлем/ жол бермеу (жұмыс берушілер).
2.17. Қызметкерлердің еңбекақысының құрылымындағы негізгі жалақының (ресми жалақы, мөлшерлеме) үлесін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
2.18.Осы тармақты ұжымдық шарттарда қарастырып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың (ШЖҚ) қызметкерлеріне лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлей отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем емес негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын беру және тиісті лауазымдық айлықақылар мен азаматтық қызметшілердің қосымша ақыларынан төмен емес лауазымдық айлықақылар мен өзге де қосымша ақылардың ең төмен мәндерін белгілеу құқығын сақтау (әкімдік, жұмыс берушілер).
2.19. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем емес жыл сайынғы ақылы негізгі еңбек демалысы беріледі. Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың сауықтыру жәрдемақысының мөлшері демалыс берілген күнгі олардың нақты оқу жүктемесі негізінде есептеледі. Толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін адамдарға сауықтыру жәрдемақысы жалпы негізде тағайындалады және төленеді (әкімдік, жұмыс берушілер). 2.20.Еңбек қызметін жүзеге асыратын және радиациялық тәуекел аймақтарында тұратын қызметкерлерге ай сайынғы қосымша ақы төленеді және жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс беріледі. Ай сайынғы қосымша ақылардың мөлшері және жыл сайынғы қосымша ақылы демалыстың ұзақтығы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының талаптарына сәйкес айқындалсын. Халықты әлеуметтік қолдаудың осы шараларын ұсыну бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін куәліктің болуына қарамастан, ұйымның барлық қызметкерлеріне тарата отырып, ұжымдық шарттарда көзделсін (әкімдік). Мемлекеттік емес сектор субъектілері қызметкерлердің өкілдерімен келісілген ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде халықты әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін қарастыра алады (жұмыс берушілер).
Тараптар еңбекке ақы төлеуді және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруды, өңір халқын әлеуметтік қолдауды күшейтуді қамтамасыз ететін шаралар кешенін іске асыру қажет деп санайды. Осы мақсатта Тараптар:
3.1. Барлық күш-жігерді жалақы, зейнетақы аударымдары бойынша берешекті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды жоюға бағыттау (Тараптар).
3.2. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға заңға сай қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар беру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.3. Ұжымдық шарттарда, келісімдерде, ұйымдардың жергілікті ережелерінде еңбекақы төлеу жүйесін құру кезінде және еңбек нормаларын белгілеу жүйесін анықтағанда, жұмыс берушілер жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеруі керек(жұмыс берушілер).
3.4. Еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде бірінші (ең аз) разрядты қызметкердің айлық жалақысының мөлшерін немесе айлық тарифтік мөлшерлемесін ең төменгі жалақының кемінде бір жарым мөлшері деңгейінде белгілеуді қарастыру; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін салалық келісімдерде бекітілген, салалық коэффициенттерге көбейтілген ең төмен жалақының бір жарым мөлшерінде қарастыру (жұмыс берушілер).
3.5. Жалақыны, әлеуметтік, зейнетақы аударымдарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жарналарды уақтылы төлеуді мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту (әкімдік, кәсіподақтар).
3.6. Ұйымның, жұмыс берушінің экономикалық дәрменсіздігі (банкроттығы) жағдайында жұмыскерлердің материалдық құқықтарын қорғау шаралары бойынша тараптардың консультациялар өткізу (Тараптар).
3.7. Мемлекеттік мекемелерде және қазыналық кәсіпорындарда, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардажұмыс істейтін біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлерін қоса алғанда, қызметкерлердің барлық санаттарына жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру үшін лауазымдық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.8. Келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу (қайта жасасу), оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қызметкерлерге жалақының, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің бұрын белгіленген мөлшерін төмендетуге жол бермеу (жұмыс берушілер).
3.9. Бос тұрып қалу жағдайында ақы төлеу мөлшері еңбек, ұжымдық шарттарда:
–жұмыс беруші мен қызметкерге тәуелді емес себептер бойынша орташа жалақының кемінде елу пайызы, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде;
– жұмыс берушінің кінәсінен-жұмыскердің орташа жалақысының жетпіс бес пайызынан кем емес мөлшерде анықтау мүмкіндігін қарастыру (жұмыс берушілер).
3.10. Шетелдік және отандық жұмысшылар арасындағы ұқсас және бірдей біліктілікке сәйкес жұмыстарды орындау кезінде еңбекақы төлеу саласындағы кемсітушілікті болдырмауға ықпал ету (Тараптар).
3.11. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жұмыссыздар қоса, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың сапасын жақсартуға ықпал ету (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.12. Жыл сайын аудан экономикасының кадрларға, мамандықтар бөлінісінде болжамды қажеттілігін айқындау. Жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын кадрларға болжамды қажеттілік негізінде қалыптастыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.13. Кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға еңбек шарттарын электрондық форматқа толық ауыстыруға жәрдемдесу (Тараптар).
3.14. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында, аумақты дамыту шеңберінде жыл сайын жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шараларды көздейтін бағдарламалар әзірлеу (әкімдік).
3.15. Тоқсан сайын БАҚ-та еңбек нарығының жағдайы мен жұмыссыздық туралы мәліметтерді жариялау. Жұмыс берушілер мен аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мүмкіндіктері және кәсіптік оқыту туралы үнемі хабардар ету (әкімдік).
3.16. Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, ірі кәсіпорындарда қысқартылған жұмысшыларды қайта даярлау және оларды өз кәсіпорны шеңберінде жұмыспен қамту бойынша жол карталарын әзірлеу (жұмыс берушілер, әкімдік).
3.17. Жұмыскерлердің үздіксіз кәсіби дамуын, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру (Тараптар).
3.18.Қалалар мен аудандардың мансап орталықтарына (еңбек ұтқырлығы орталығына) және (немесе) Электрондық еңбек биржасына талап етілетін мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары туралы деректерді және жұмыс орындарының болжамды құрылуы туралы деректерді ұсыну (жұмыс берушілер).
3.19. Ауданның барлық деңгейдегі оқу орындары (ЖОО, колледждер) кәсіпорындармен және мекемелермен студенттердің тегін өндірістік практикадан өтуі туралы шарттар жасасын (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.20. Салалық Келісімдерде, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерді оқытуға, біліктілігін арттыруға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін қарастыру (Тараптар).
3.21. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бюджеттік сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жергілікті бюджеттерден қаражат қарастыру (әкімдік).
3.22. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен және орман шаруашылығы мамандарына көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, олардың жұмыспен қамтылуын бақылау және олардың орналасуына ықпал ету. Мамандардың аса жетіспеушілігі сезілетін жерлерде, жас мамандарға, сондай-ақ жоғары білікті мамандарға тұрғын үй беру (әкімдік).
3.23. Ұлттық еңбек нарығын қорғау бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, жоғары білікті жұмыс күшін тарту үшін жағдайлар жасау (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.24. Тең жағдайларда қазақстандық мамандарға артықшылық беру және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру бойынша шаралар қабылдау (Тараптар).
3.25. Аз қамтылған отбасылардың қатарындағы жастарды ЖОО-ға оқуға жіберу, кейіннен оларды ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру үшін аудандық бюджеттен қаражат көзделсін (әкімдік).
3.26. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсыну, халыққа жұмыс орындарын және мүгедектігі барадамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.27. Жұмыстан босатылатын қызметкерлерге еңбек шартын бұзу мерзімі келгенге дейін, жаңа кәсіптерге қайта оқыту мүмкіндігін беру, мұндай жағдай болмағанда, жұмыстан босату алдындағы бір ай мерзім аралығында жұмыс іздеу мүмкіндігін беру, жұмыс іздеу жағдайлары мен уақытын ұжымдық шарттарда қарастыру(әкімдік, жұмыс берушілер).
3.28. Кәсіподақ мүшелеріне жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, еңбекақы төлеу мәселелері бойынша тегін кеңестер мен құқықтық көмек көрсету (кәсіподақтар).
3.29. Кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерді Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы 2, 3 тармақшаларына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізілсін (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.30. Зейнеткерлік жасқа таяған адамдар үшін жұмыс орындарының сақталуы туралы шарттарды салалық және аймақтық Келісімдерге, ұжымдық шарттарға қосуды ұсыну (Тараптар).
3.31.Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қалалық жерлерде қызметтiң осы түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға өсiрiледi.
Азаматтық қызметшілерге, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне, ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге, жергілікті бюджеттер есебінен барлық санаттағы жұмысшыларға жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеуді қамтамасыз ету.
3.32. Ауылдық елді мекендерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринария саласы мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық шығындарды өтеуге көмек көрсетуге аудан бюджетінде мынадай мөлшерде қаражат қарастырылсын: 2024 жылға – 42 000 теңге; 2025 жылға – 43 000 теңге; 2026 жылға – 44 000 теңге (әкімдік).
Ауылдық жерде тұратын бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің басқа санаттары үшін коммуналдық шығындарды өтеудің бұл түрі жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімі негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастыру.
3.33.Бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй бөлуді қамтамасыз ету (әкімдік).
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйдегі тұрғын үйді бөлу кезінде тұрғын үй комиссияларының құрамына кәсіподақ өкілдерін қосу (әкімдік).
3.34.Қызметкерлерді нақты немесе болжамды АҚТҚ статусына байланысты кемсітуге болмайды. Жұмыс орындарында АИТВ/ЖИТС, КОВИД және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу және күресу бойынша стендтер құру (Тараптар).
3.35.Жасөспірімдер мен жастарды, оның ішінде шағын және орта бизнесте уақытша жұмыспен қамту механизмін жетілдіруге жәрдемдесу, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын пайдалануды жандандыру (Тараптар).
Келісім Тараптары адам ресурстарын үнемдеуді басты басымдықтардың бірі деп есептей отырып, еңбек жағдайларын, гигиенасын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарай отырып, келесілерге міндеттенеді:
4.1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 201 және 202 бабтарына сәйкес, өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Саны 50-ден астам жұмыскер болған кезде жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметті құрады, 50-ге дейін жұмыскер болғанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді (жұмыс берушілер).
4.2. Кәсіптік аурулардың профилактикасы, оларды ерте анықтау және күнделікті өндірістік практикаға кәсіптік қатерлерді басқару тетіктерін енгізуді қоса алғанда, жұмыскерлердің өмірін және денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу іс-шараларының кешенін әзірлеу және іске асыру. Жаппай еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) халықаралық стандарттарын енгізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
4.3. Мемлекет карантиндік сипаттағы шектеу шараларын енгізген жағдайда жұмыс берушілермен жұмыскерлердің қашықтықтан жұмыс істеуі үшін коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) ұсынатын және оларды орнату және қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды жабатын жағдайлар жасалуы немесе меншікті коммуникацияның құралдарын пайдаланатын жұмыскерлер шығыстарын коммуналдық қызметтер құнының 50 пайызы мөлшерінде, бірақ айына 15 мыңнан аспайтын мөлшерде өтеуі қамтамасыз етілсін (электр энергиясы және ыстық сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, қызмет көрсететін ұйымның пайдалану шығыстары, Интернет, ұялы байланыс) (жұмыс берушілер).
4.4.Мемлекет карантиндік сипаттағы шектеу шараларын енгізу кезеңіне күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды сақтау
бойынша жұмыс берушілер шығыстарының 50 пайызын мемлекеттік бюджеттен субсидиялауды (өтеуді) қамтамасыз ету (әкімдік).
4.5. Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамыту (Тараптар).
4.6. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырыстарында әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру мәселелері қаралсын. Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстарды қарау және іс жүзінде орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау (Тараптар).
4.7. Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы мәселелерінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта жыл сайын 28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, қорытындысын шығара отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша аудандық байқау – конкурс өткізу (Тараптар).
4.8. Еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді уақтылы құруды ұйымдастыру, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу (жұмыс берушілер).
4.9. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың функцияларын жүзеге асыратын қызметкерге ынталандыру және көтермелеу мақсатындақосымша төлем кәсіпорынның өндірістік кеңесінің шешімі бойынша ұжымдық шартта айқындалған мөлшерде ай сайын немесе тоқсан сайын төленуі мүмкін. 4.10. Жұмыс берушініңқаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша техникалық инспекторларды оқытуды жүргізу (жұмыс берушілер). 4.11. Жұмыс беруші денсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіппен зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерді өз қаражаты есебінен міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткізеді (жұмыс берушілер). 4.12. Мерзімді медициналық тексерулер кезінде жұмыс берушінің қаражаты есебінен өтуге міндетті қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. Демалыс күндері медициналық тексеруден өткен жағдайда жұмыс берушінің актісі негізінде қызметкерге басқа демалыс күні беріледі немесе тараптардың келісімі бойынша өтемақы төленеді (жұмыс берушілер). 4.13. Жергілікті бюджеттерде бюджеттік сала қызметкерлерін тегін медициналық тексеруден өткізуге қаражат қарастыру (әкімдік). 4.14. Аудандық кәсіподақ бірлестіктері (жұмыскерлер) аудан кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде (кәсіподақтарда) еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. 4.15. Кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндетті оқытуды және кәсіпорынның қаражаты есебінен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруді жүргізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар). 4.16. Өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлермен және кәсіподақ өкілдерімен дөңгелек үстелдер өткізу, оның ішінде салауатты және қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғауды құру және жақсарту, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дамыту,еңбек қауіпсіздігі және адам денсаулығы мәселелеріне қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару арқылы өткізу. 4.17. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, елу бес жасқа толған және олар үшін жалпы алғанда кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген қызметкерлер үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмысын тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда кәсіптік төлемдер жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен кәсiптiк төлемнiң ай сайынғы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңғасәйкес қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң бiр мөлшерiн құрайды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды жақсарту жөніндегі жоғарыда аталған шаралар қызметкерлердің ұжымдық және еңбек шарттарына енгізуді қарастыру (Тараптар). 4.18. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге олардың зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып, кепілдіктер мен жеңілдіктер беру мақсатында барлық қызметкерлердің еңбек кітапшаларындағы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс кезеңдерін белгілеудің бірыңғай жүйесіне енгізу жұмыстарын жүргізу қажет(кәсіподақ, жұмыс берушілер). 4.19. Өңірлік салалық Келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасау кезінде әйелдерді міндетті профилактикалық тексеруден өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істейтін әйелдерді медициналық тексеруден өткізу, балаларды мектепке және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына дайындауға мұқтаж әйелдерге қаражат бөлу(кәсіподақтар, жұмыс берушілер).
Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында Тараптар өздеріне келесідей міндеттемелер қабылдайды:
5.1. Әлеуметтік тәуекел жағдайында еңбекке қабілетті халықтың тиісті деңгейде әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру:
- сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділдікті сақтау;
- әлеуметтік заңнама талаптарының сақталуына әлеуметтік жауапкершілікті арттыру (міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеу, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру) (Тараптар).
5.2. Мүгедектігі бар адамдарға өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және қоғамдық өмірге араласуына жағдай жасау бойынша пәрменді шаралар қабылдау(әкімдік).
5.3. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі шараларды іске асыру:
- әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешу;
- балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерді тең құқықтарда қолдау;
- әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңсіздікті жою;
- шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін аттыру.
5.4. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін өздігінен іске асыру үшін жағдайлар жасауға, жастардың қоғамдық оң бастамаларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысу (Тараптар).
5.5. Ұжымдық шарттар жасасу кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктері қарастырылсын (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
5.6. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге интернат-үйлеріне, балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған үйлерге аумақтық тиістілігі бойынша қамқорлық көмек көрсетуге қатысу (Тараптар).
5.7. Негізгі қажетті тауарларға бағаның негізсіз өсуін тежеу бойынша жұмысты жалғастыру (әкімдік).
5.8. Мәдениет, спорт, туризмді дамыту, балалар мен отбасылық демалысты ұйымдастыру, сондай-ақ аудан тұрғындарын сауықтыру саласында келісілген саясат жүргізу (Тараптар).
5.9. Халықтың денсаулығын қорғау үшін азаматтың, жұмыс берушінің және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі қағидатының негіздерін түсіндіру бойынша іс-шаралар, әлеуметтік әріптестермен әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнаманың негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар өткізу (Тараптар).
5.10. Әкімдерге қалалар мен аудандардың бюджеттерінде каникул уақытында балаларды сауықтыру және демалуы үшін қаражат карастыру, ауданның барлық аудандарында қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерлерін салу бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын (әкімдік).
5.11. Ұжымдық шарттарда жұмыс күні ішінде кәсіптік-қолданбалы, дене шынықтыру мен сауықтыру және оңалту іс-шараларын қамтитын дене шынықтырумен айналысу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу, спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру, спорттық құрал-жабдықтарсатып алуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру. Экономикалық мүмкіндік болған кезде және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ұжымдық шарттарда осы мақсаттарға кәсіпорындар қорларынан нақты есептелген жалақының кемінде 0,15% мөлшерінде ақша және өзге де қаражат бөлуді қарастыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
5.12. Қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алу және қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыру бойынша шаралар қабылдау (жұмыс берушілер, әкімдік).
6. КЕЛІСІМДІ ОРЫНДАУДЫ БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІ
6.1. Кәсіподақтардың құқықтары мен кепілдіктерін құрметтеуге, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде кәсіподақ органдарын құруға және олардың жұмыс істеуіне кедергі жасамауға, олардың қызметіне араласуға жол бермеу (әкімдік, жұмыс берушілер).
6.2. Ұжымдық шарттарда кәсіподақ органдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдайларды, оларды қызметтік жайлармен, жиһаздармен, ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етуді қарастыру (жұмыс берушілер).6.3. Ұжымдық шарттарда босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне кәсіпорында қолданылатын жеңілдіктерді, кепілдіктерді, қосымша төлемдерді сақтау туралы шарттар қарастыру (жұмыс берушілер).
6.4. Егер еңбек және ұжымдық шарттарда ескерту мерзімінің ұзағырақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші кәсіпорындағы еңбек және демалыс жағдайларының, әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктердің өзгеруі туралы кәсіподақ органдарына 1 ай бұрын ақпарат ұсынады (жұмыс берушілер).
7. САЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙЛЕРДЕ КЕЛІСІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУГЕ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН БАЙҚАУШЫЛАР ТОБЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ 7.1. Келісім ұйымдарда аудандық салалық, аумақтық (қалалық, аудандық) келісімдер мен ұжымдық шарттарды келіссөздер жүргізу және жасасу үшін негіз болып табылады. 7.2. Аумақтық (қалалық, аудандық), салалық шарттарды және ұжымдық шарттарды жасау кезінде Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері және Комиссияның ұсынымдары (шешімдері) ескерілуге тиіс. 8. ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ҚОСЫМШАЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ Осы Келісімнің ережелерін Тараптардың іске асыруын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегідей уағдаласты: Тараптар Келісімді Зайсан ауданында 2024 - 2026 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру бойынша басым бағыттар мен қажетті іс-шараларды белгілейтін әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты деп таниды.
8.1. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
8.2. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар бірлестіктері өңірлік келісімге қол қойылғаннан кейін екі айдан кешіктірмей ұжымдық шарттарды жасасуды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
8.3. Тараптар нақты мерзімдерді және орындауға жауапты Комиссия мүшелерін көрсете отырып, өз міндеттемелерін орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
8.4. Комиссия шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.
8.5. Келісімнің орындалу барысы мониторингін тараптар Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия туралы Ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
8.6. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат әзірлейді. Комиссия жыл сайын Келісімнің ережелерін іске асыру барысын қарастырады.
8.7. Келісімді іске асыру барысы бойынша өңірлік үшжақты комиссияның қызметін көрсету мақсатында Тараптар өңірдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуға және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелеріне арналған материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялануын қамтамасыз етеді.
9.1. Осы Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жаңа Келісім жасалғанға дейін қолданылады.
9.2. Осы Келісім мемлекеттік органдарға, жұмыскерлерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерге және олардың меншік иелерінің (қатысушылардың, акционерлердің), қызметкерлердің және олардың уәкілетті өкілдерінің резиденттіктеріне қолданылады.
9.3.Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе бұзғаны, Келісімнің орындалуын бақылау үшін қажетті ақпаратты ұсынбағаны, келіссөздер жүргізу мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ өңірлік комиссияның жұмысын қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар белгілеген мерзімдерде жауапты болады.
9.4. Келісімге қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде оның мәтіні қысқартусыз аудан әкімінің ресми сайттарында жариялануға тиіс және аудандық «Достық» газетінде жарияланады.
Зайсан қаласында «____» __________20____ жылы, мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) данада жасалды. Қол қойылған тараптардың әрқайсысында Келісімнің бір данасы болады.
Осы Келісімге қол қойды:
Зайсан ауданы әкімі А.Ахметсалимкызы
Аудандық білім беру саласының
қызметкерлерінің кәсіподақ
ұйымының төрағасы Қ.Сайранов
ШҚО ауылшаруашылық ұйымының
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының
Зайсан ауданы филиалының төрағасы М.Уали
Зайсан аудандық ауруханасының кәсіподақ
ұйымының төрайымы Г.Айдымбаева
ШҚО Кәсіпкерлер
палатасының Зайсан аудандық
филиалының директоры Қ. Абдығалиев