Шешім

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-8

 

2024 жылғы  18 маусым                                                               Зайсан қаласы

 

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

                                            Комиссия мүшелері:                 

Кожекенова Галима Кенжебаевна

- Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

Қобланова Айнұр Қобланқызы

-Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары;

Рахимова Гульнара Бақытбекқызы

-Зайсан аудан әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Зайсан  ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы  1 бірлік  (E-R-4 санаты)  мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелеріне, үміткер Шаймарданова Ардақ Мухаметаминқызының Зайсан  ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы  1 бірлік  (E-R-4 санаты)  мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан аудан әкімі аппаратының SMM бөлімінің маманы Жігерқызы Нұршырақ және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.Амренова қатысты.

Үміткер Шаймарданова Ардақ Мухаметаминқызы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткерлердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Шаймарданова Ардақ Мухаметаминқызы– 4,5

Комиссия мүшелері үміткер Шаймарданова Ардақ Мухаметаминқызымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

Зайсан  ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы  1 бірлік  (E-R-4 санаты) қызметіне Шаймарданова Ардақ Мухаметаминқызын қабылдау Зайсан  ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысына ұсынылсын.

 

 

Дата публикации
18 июня 2024