ЖОБА

                                                                                                                   ЖОБА

 

Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 11-4/4 «Зайсан  ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

      Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24653 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

       4-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

      «4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;

       6-тармақ   жаңа редакцияда жазылсын:

      «6. Оқуға арналған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                         Е.Зағыпаров

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 июня 2024