Жоба

Жоба

 

Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

мен мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының                           1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері бекітілсін.
  2. Күші жойылды деп танылсын:

1)  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» № 61-6 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7598 болып тіркелген)

2) Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 17.11.2022 «Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №61-6 "Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»            № 25-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде           № 30592 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                     Е.Загипаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешім жобасына
қосымша

 

     

Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

 

 

  1. 1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, (бұдан әрі мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау ақшалай алушылардан өтініштерін талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, "Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелері және екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аударылу жолымен көрсетіледі.
  2. 2. Әлеуметтік қолдау Зайсан ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мамандарға көрсетіледі.
  3. 3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет аудандық бюджет қаражаты есебінен 2024 жылы - 42000 теңге; 2025 жылы - 43000 теңге; 2026 жылы - 44000 теңге мөлшерінде көрсетіледі.




 

Дата публикации
30 мая 2024