Жалпы конкурстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ №2-3
2024 жылғы 29 мамыр Зайсан қаласы
|
Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы: |
|||
|
|
Шәріпбеков Олжас Бақытұлы |
-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы; |
|
|
|
Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы |
-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы; |
|
|
|
Комиссия мүшелері: |
|
|
|
|
Закенова Гульмира Закенқызы |
-Зайсан ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы; |
|
|
|
Исаева Сәуле Токтаркожановна |
- Зайсан ауданының ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы; |
|
|
|
Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы |
-Зайсан ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы |
|
|
|
Манкупова Гульнар Нагазбековна |
-Зайсан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы; |
|
КҮН ТӘРТІБІ:
Зайсан аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы 1 бірлік (E-R-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орындарына орналасуға үміткерді іріктеу туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
Комиссия төрағасы О.Шәріпбеков комиссия мүшелерін, конкурсқа қатысу үшін Зайсан аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы 1 бірлік (E-R-4 санаты) әкімшілік мемлекеттік қызметкердің бос орнына ешкім құжат тапсырмағанын айтып өтті.
Конкурстық комиссия
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Бос әкімшілік мемлекеттік қызметкердің орнына ешкім құжат тапсырмағандықтан ішкі конкурс өтпеді деп танылсын.
Қаулыны жақтап - 5, қарсы – 0 дауыс берді, қалыс қалған жоқ.