Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

 

Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы

№30-1 «Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері               мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 

 

Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3676 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары    туралы»   Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік    басқару   және    өзін-өзі   басқару   туралы»   Заңының    6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы                    Е.Зағыпаров

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 мая 2024