Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Шешім жобасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және  инфрақұрылымдық  даму   министрінің                2019 жылғы    20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 21 маусымда № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Зайсан ауданындағы  тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зайсан аудандық

мәслихатының төрағасы                                                 Е.Загипаров

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 мая 2024