ХАТТАМАСЫ № 3-6

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-6

 

2024 жылғы  23 мамыр                                                                Зайсан қаласы

 

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

                                               Комиссия мүшелері:                  

Каримов Кайрат Набиевич

-Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

Исаева Сәуле Токтаркожановна

- Зайсан ауданының ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

Шақантаева Ләззәт Төлеуқызы

-Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары;

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы 1 бірлік  (Е-R-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Мырамытов Мереке Есенулы Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы 1 бірлік  (Е-R-4 санаты)  мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Андырбаев Сабыр Мусабекович және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткер Мырамытов Мереке Есенулы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткерлердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Мырамытов Мереке Есенулы – 4,4

Комиссия мүшелері үміткер Мырамытов Мереке Есенулымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы 1 бірлік  (Е-R-4 санаты) қызметіне Мырамытов Мереке Есенулын қабылдау Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына ұсынылсын.

 

 

 

Дата публикации
23 мая 2024