Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 2151, дауыс беруге қатысқаны – 1311 (60,95%).
Сайлау қорытындысында Аршабаева Аяужан Сагидоллановна – 8 (0,62%), Жақыпбаев Нұрсұлтан Советбекұлы – 4 (0,31%), Сайранов Мереке Кабиолдаевич – 841 (65,55%), Шаймарданов Даурен Даулетханович – 422 (32,89%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1988 жылы туған, Зайсан ауданы, «Сайқан» шаруа қожалығының жетекшісі Сайранов Мереке Кабиолдаевич – Қаратал ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы