Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 820, дауыс беруге қатысқаны – 525 (64,02%).
Сайлау қорытындысында Адилбек Назым – 75 (14,62%), Матанов Айбек Бақытбекұлы – 17 (3,31%), Ошакбаев Дидар Бакытбекович – 412 (80,31%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 9.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1985 жылы туған, Зайсан ауданы, «Азамат» шаруа қожалығының жетекшісі Ошакбаев Дидар Бакытбекович – Біржан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы