Хаттама

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-3

 

2024 жылғы  16 сәуір                                                                Зайсан қаласы

 

                                  Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы

 

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

- Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

 

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

 

                                            Комиссия мүшелері:                 

 

 

Комиссия мүшелері:

 

Исаева Сәуле Токтаркожановна

- Зайсан ауданының ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы;

 

Рахимова Гульнара Бақытбекқызы

-Зайсан аудан әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;

 

Закенова Гульмира Закенқызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар  бөлімінің басшысы;

 

 

 

           

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 Зайсан ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы  1 бірлік (E-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткерлер Газизова Маржан Бауыржанқызы, Мухамадиева Динара Нурлыбеккызының Зайсан ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы  1 бірлік  (E-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының SMM бөлімінің маманы Жігерқызы Нұршырақ және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткерлер Газизова Маржан Бауыржанқызы, Мухамадиева Динара Нурлыбеккызы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткерлердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Газизова Маржан Бауыржанқызы– 4,4

Мухамадиева Динара Нурлыбеккызы - 4,1

Комиссия мүшелері үміткерлер Газизова Маржан Бауыржанқызы, Мухамадиева Динара Нурлыбеккызымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

Зайсан ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы  1 бірлік (E-4 санаты) қызметіне Газизова Маржан Бауыржанқызын қабылдау аудан әкіміне  ұсынылсын.

Дата публикации
16 апреля 2024