Хаттама

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-5

 

2024 жылғы  16 сәуір                                                                Зайсан қаласы

 

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

                                            Комиссия мүшелері:

                          

Қобланова Айнұр Қобланқызы

-Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары;

Рахимова Гульнара Бақытбекқызы

-Зайсан аудан әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

Рахимова Роза Сагадиевна

-Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы;

 

КҮН ТӘРТІБІ:

Зайсан ауданының экономика және қаржы»  бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылдың 14 тамызына бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) 1 бірлік  (Е-R-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Мырамытов Мереке Есенулы Зайсан ауданының экономика және қаржы»  бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылдың 14 тамызына бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) 1 бірлік  (Е-R-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының SMM бөлімінің маманы Жігерқызы Нұршырақ және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткер Мырамытов Мереке Есенулы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткерлердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Мырамытов Мереке Есенулы – 4,4

Комиссия мүшелері үміткер Мырамытов Мереке Есенулымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

Зайсан ауданының экономика және қаржы»  бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылдың 14 тамызына бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) 1 бірлік  (Е-R-4 санаты)  қызметіне Мырамытов Мереке Есенулын қабылдау Зайсан ауданының  экономика және қаржы бөлімінің басшысына ұсынылсын.

 

 

 

Дата публикации
16 апреля 2024