жоба
«Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31535 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Загипаров