Шешім

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-2

 

2024 жылғы  09 сәуір                                                                Зайсан қаласы

 

                                  Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы

 

Рамазанов Ришат Сагибекович

- Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

 

                                            Комиссия мүшелері:                 

 

 

Комиссия мүшелері:

 

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы;

 

Кожекенова Галима Кенжебаевна

- Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

 

Шақантаева Ләззәт Төлеуқызы

- Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының м.а;

 

 

 

           

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 «Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы 1 бірлік (E-R-1 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Каримов Кайрат Набиевичтың «Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы 1 бірлік (E-R-1 санаты)  мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының Достық газетінің редакторы  Халықова Нургуль Ильясовна және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткер Каримов Кайрат Набиевич өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Каримов Кайрат Набиевич– 4,7

Комиссия мүшелері үміткер Каримов Кайрат Набиевичпен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

«Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы 1 бірлік (E-R-1 санаты) қызметіне Каримов Кайрат Набиевичты қабылдау аудан әкіміне  ұсынылсын.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2024