Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Загипаров
Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы.......................
шешіміне
қосымша
Зайсан ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі, қайырымдылық жасаудағы елеулі жетістіктері үшін;
2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру, бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.
1) Зайсан ауданының дамуына қомақты үлес қосқан азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;
2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;
1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.
4.Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.
5.Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралмайды
3.Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
1.Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкіміне шараның өтетін күнінен кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұсынады.
4.Құрмет грамотасының сипаттамасы
Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 8х8 сантиметр көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде "ЗАЙСАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЗАЙСАНСКОГО РАЙОНА" жазуы жазылған.
Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, қағазы жылтыр, тегіс, салмағы 25 грамм, түрлі-түсті басу, сыртында Зайсан ауданының логотипі, төменгі бөлігінде алтын түсті қазақтың ұлттық оюы бейнеленген.
Айқарма беттің ішкі бөлігі алтын түсті өрнекпен жиектелген, жоғары жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан.
Сол жағында қазақ тілінде наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының ауданға сіңірген айрықша еңбегінің қысқаша сипаттамасы, "наградталды" сөзі бар мәтін орналасады.
Төменгі бөлігінде аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының аты-жөні және қолы үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрмен расталады, мемлекеттік тілде марапаттау туралы шешім нөмері, күні көрсетіледі.
Айқарма беттің ішкі оң жағында: қазақ тіліндегі мәтіннің орысша аудармасы орналастырылады.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.
Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара көк түсті шрифтермен толтырылады.