Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қазандағы № 31-2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДАДЫ:
- Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қазандағы № 31-2 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-11-171 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.