Зайсан аудандық мәслихатының № 5, № 8 сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 101-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зайсан  ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Зайсан аудандық мәслихатының № 5, № 8 округтері бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Зайсан аудандық мәслихатының № 5, № 8 округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Достық» аудандық газетінде және Зайсан аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Дата публикации
31 января 2024