Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39–3–бабы 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы»  бұйрығына   (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген)  сәйкес, Зайсан аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Зайсан аудандық

мәслихатының төрағасы                                                            Е.Загипаров

Дата публикации
24 января 2024