2024-2026 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы

Зайсан аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
  • кірістер – 3 403 232,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер -  2 050 152,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  44 141,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 1 303 939,0 мың теңге;

  • шығындар – 3 314 559,0 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 91 287,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 116 298,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 25 011,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 614,0 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2 614,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 116 298,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 113 684,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

2.Аудан бюджетіне 2024 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативтері 100 пайыз болып орындауға қабылдансын.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 442 839,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен қала және ауылдық округтердің бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 441 844,0 мың теңге сомасында белгіленсін, соның ішінде:

Айнабұлақ ауылдық округіне – 39 123,0 мың теңге;

Біржан ауылдық округіне – 42 828,0 мың теңге;

Дайыр ауылдық округіне – 44 308,0 мың теңге;

Зайсан қала округіне – 68 507,0 мың теңге;

Қарабұлақ ауылдық округіне – 45 710,0 мың теңге;

Қаратал ауылдық округіне – 53 975,0 мың теңге;

Кеңсай ауылдық округіне – 50 013,0 мың теңге;

Сарытерек ауылдық округіне – 50 059,0 мың теңге;

Шілікті ауылдық округіне – 47 321,0 мың теңге.

5.2024 жылға ауданның жергілікті атқарушы органының арналған резерві 41 986,0 мың теңге сомасында бекітілсін.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 667 100,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 194 000,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға 116 298,0 мың теңге сомасында кредит ескерілсін.

9.Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2024-2026 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы
Дата публикации
12 декабря 2023