«2023-2025 жылдарға арналған Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің бюджеті туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2023-2025 жылдарға арналған Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің бюджеті туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы                         26 желтоқсандағы №27-11 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Кеңсай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

  • Кірістер- 238037,6 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер -  7937,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  391,2 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 127,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 229 582,1 мың теңге;

  • шығындар – 238 295,7 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – -258,1 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 258,1 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 258,1мың теңге.».

     көрсетілген шешімінің 1–қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«2023-2025 жылдарға арналған Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің бюджеті туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
30 ноября 2023