Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №62-2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №62-2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7601 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Зайсан қаласында Дінмұхамед Қонаев көшесі бойында орналасқан «Зайсан құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң белгіленсін.»;

4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі мен Керімбаев көшесінің қиылысынан Дінмұхамед Қонаев көшесі бойымен Баитов көшесінің қиылысына дейін қозғалу.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр арақашықтықта пикет жүргізуге тыйым салынады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы              Е.Загипаров

Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №62-2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
29 ноября 2023