Решение

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-14

 

2023 жылғы  28 қараша                                                               Зайсан қаласы

 

                                  Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы

Кабидолдина Нургайни Нурлыбековна

- Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

 

Комиссия мүшелері:

 

 

Комиссия мүшелері:

 

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы;

 

Сериков Данияр Серикович

-Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

 

Закенова Гульмира Закенқызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар  бөлімінің басшысы;

 

 

 

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

 

           

 

КҮН ТӘРТІБІ:

«Зайсан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы 1 бірлік (E-R-1 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Утебаев Асхат Аргынгазыулы «Зайсан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы 1 бірлік (E-R-1 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының Достық газетінің тілшісі Серік Жадыра және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткер Утебаев Асхат Аргынгазыулы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және  басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Утебаев Асхат Аргынгазыулы – 4,2

Комиссия мүшелері үміткер Утебаев Асхат Аргынгазыулымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

«Зайсан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы 1 бірлік (E-R-1 санаты) қызметіне Утебаев Асхат Аргынгазыулын қабылдау аудан әкіміне  ұсынылсын.

Дата публикации
28 ноября 2023