Шешім

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-13

 

2023 жылғы  24 қараша                                                               Зайсан қаласы

 

Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы:

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

Мырамытов Мереке Есенулы

-Біржан ауылдық округінің әкімі;

Закенова Гульмира Закенқызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар  бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

Рахимова Гульнара Бақытбекқызы

-Зайсан аудан әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;

 

КҮН ТӘРТІБІ:

«Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылдың 27 қаңтарына дейін бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) (E-G-3 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Кеңесханов Айбек Кеңесханұлы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылдың 27 қаңтарына дейін бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) (E-G-3 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Исламова Аяужан Толғанқызы және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткер Кеңесханов Айбек Кеңесханұлы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және  басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Кеңесханов Айбек Кеңесханұлы - 4

Комиссия мүшелері үміткер Кеңесханов Айбек Кеңесханұлымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

«Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылдың 27 қаңтарына дейін бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне) (E-G-3 санаты) қызметіне Кеңесханов Айбек Кеңесханұлын қабылдау Біржан ауылдық округінің әкіміне   ұсынылсын.

 

 

Комиссияның төрағасы                                                               О.Шәріпбеков

Комиссияның хатшысы                                                                     А.Түсіпхан                   

Комиссияның мүшелері                                                             М.Мырамытов                                                                                                                                                                                                                       Г.Рахимова 

                                                                                                                 Г.Закенова

                                                                                                        А.Бабагумарова

Дата публикации
24 ноября 2023