Қаланың азаматтарын бюджеттік параметрлермен, артықшылықтармен және шешімдермен таныстыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджет әзірленді, онда бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Зайсан қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті аудандық мәслихат сессиясының 2017 жылғы 24 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы» № 21-1 шешімімен бекітілген.