Жалпы конкурстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ № 3-9
2023 жылғы 02 қараша Зайсан қаласы
|
Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы:
|
||||||||||||||
КҮН ТӘРТІБІ:
ТЫҢДАЛДЫ:
Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткерлер Сайран Айтуған, Қадылбеков Әлішер Айдарұлы «Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы 1 бірлік (E-G-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасу үшін берген құжаттарымен, жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.
Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының музыка мектебінің директоры Адильбаева Венера Аргынкызы онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Шолпанбаева қатысты.
Үміткерлер Сайран Айтуған, Қадылбеков Әлішер Айдарұлы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.
Қойылған сұрақтарға үміткердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,
ШЕШТІ:
«Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы 1 бірлік (E-G-4 санаты) қызметіне Қадылбек Әлішер Айдарұлын қабылдау Сарытерек ауылдық округінің әкімі Н.Сакеновқа ұсынылсын.
Комиссияның төрағасы О.Шәріпбеков
Комиссияның хатшысы А.Түсіпхан
Комиссияның мүшелері Н.Сакенов Г.Агыбаева
Г.Закенова
А.Бабагумарова