Шешім

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-6

2023 жылғы  17 қазан                                                                Зайсан қаласы

 

Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы:

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

-Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

Касаинов Серик Ухметканович

-Дайыр ауылдық округінің әкімі;

Закенова Гульмира Закенқызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар  бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

Тукпиева Назерке Кумархановна

-Дайыр ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы;

 

КҮН ТӘРТІБІ:

«Дайыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маман 1 бірлік (E-G-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Нурмухамбетова Айнар Кайраткызы «Дайыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маман 1 бірлік (E-G-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен,  жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданының Достық газетінің редакторы Калыкова Нургуль Ильясовна қатысты.

Үміткер Нурмухамбетова Айнар Кайраткызы өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және  басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Нурмухамбетова Айнар Кайраткызы – 4

Комиссия мүшелері үміткер Нурмухамбетова Айнар Кайраткызымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде конкурстық комиссия,

 

ШЕШТІ:

«Дайыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маман 1 бірлік (E-G-4 санаты) қызметіне Нурмухамбетова Айнар Кайраткызын қабылдау Дайыр ауылдық округінің әкімі Касаинов Серик Ухметхановичке ұсынылсын.

 

 

 

Комиссияның төрағасы                                                               О.Шәріпбеков

Комиссияның хатшысы                                                                                  А.Түсіпхан                                                                                                                         

Комиссияның мүшелері                                                                   С.Касаинов                                                                                                                                                                                                                        Г.Закенова 

          Н.Тукпиева

   А.Бабагумарова

Дата публикации
17 октября 2023