Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 Шығыс Қазахстан облысында Зайсан ауданы 10,4 мың текше километр аумақты алып жатыр. Ауданның халық саны 2023 жылдың 1 шілдесінде 36018 адамды құрайды. Ауданда 8 ауылдық округ, 32 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) қолданыстағы бағамен  2023 жылдың қаңтар-шілдесінде 5 415,5 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлем көрсеткіштері 140,1 % құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 178,7 %, өңдеу өнеркәсібі 72,1% құрады.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2023 жылдың қаңтар-шілдесінде инвестицияның көлемі негізгі капиталға 4 581,8 млн. теңгені құрады. Инвестициялар негізгі капиталға нақты көлем көрсеткіштері 106,0% құрады. Орындалған құрылыс жұмыстарының нақты  көлем көрсеткіштері өткен жылға 94,6%  көлемді құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2022 жылдың қаңтар-шілдесінде барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 7 625,3 тонна (2022 жылдың сәйкес кезеңіне 102,5 %-ды) құрады.

31 570,5 тонна (102,3 %) - сүт өндірісі.

3 576,0 мың дана (102,9 %) – жұмыртқа.

     2023 жылдың қаңтар-шілдесінде  Ірі қара мал саны 2,5 %, сиыр 3,7 %, жылқы 5,7 %, қой мен ешкі саны 1,0 %, құс саны 1,1 % өсті.

  Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 1,1 % өскен, жұмыс істейтіндер өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 16,4 % өскен.

 

Дата публикации
29 сентября 2023