«2020 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына және «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің №72 бұйрығына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты  ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«2020 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
23 июля 2020