Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 457 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Мүйізді ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылының Абай, Палуан Буланбай, Ш.Сәкібаев, Камчатка көшелеріне (төменгі табын) белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
  2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.                 
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сарытерек ауылдық округінің әкімі                                          Н.Сакенов

 

Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
29 августа 2023