Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутатын сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3, 3-1-тармақтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутатын сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Зайсан және Тарбағатай аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутаты сайлауын әзірлеуді және өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулы аудандық «Достық», «Тұғырлы Тарбағатай» газеттерінде және Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының, Зайсан және Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                    Е. Нәбиев

 

Хатшы                                                                                   Л. Ғабдуллина

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына №13 округ бойынша депутатын сайлауды тағайындау туралы
Дата публикации
29 августа 2023