ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 6 тамызда Шығыс Қазақстан  облысы Зайсан  ауданының Дайыр  ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

         Зайсан  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  Зайсан  ауданы  Дайыр  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының  хаттамалары негізінде сайлау қорытындылары анықталды.

         Дайыр  сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне                                     1462  сайлаушы енгізіліп,  оның ішінде  1076 сайлаушы  дауыс берді.

Дайыр  ауылдық  округінің әкімі болып  басқа кандидаттарға қарағанда басым дауыс алған  1973 жылы туған, «Зайсан  ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің бас маманы ,   Біржан  ауылында тұратын, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған  Қасайнов Серік Үкметханұлы  сайланды.

Зайсан  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы  шешімімен  Зайсан  ауданы  Дайыр  ауылдық округі әкімі болып сайланған – Қасайнов Серік Үкметханұлы    тіркелді.

 

Зайсан  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
07 августа 2023