Шешім

 

Жалпы  конкурстық комиссия  отырысының

ХАТТАМАСЫ № 3-3

 

2023 жылғы  28 шілде                                                                Зайсан қаласы

 

Бірыңғай конкурстық комиссия құрамы:

Шәріпбеков Олжас Бақытұлы

- Зайсан аудан әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы

-Зайсан ауданының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Сериков Данияр Серикович

-Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

Закенова Гульмира Закенқызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  заң және мемлекеттік – құқықтық жұмыстар  бөлімінің басшысы;

Бабагумарова Альмира Кинаятолдақызы

-Зайсан ауданы әкімі аппаратының  персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

Жұмағалиев Әли Маратұлы

-Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

«Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маман  1 бірлік  (E-R-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына орналасуға үміткерді іріктеу туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

Аудан әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Түсіпхан Әйгерім Ерболатқызы комиссия мүшелерін, үміткер Мұхамадиева Динара Нұрлыбекқызы «Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маман  1 бірлік  (E-R-4 санаты) мемлекеттік әкімшілік қызметкердің бос орнына  орналасу  үшін  берген  құжаттарымен,  жеке өмірдеректерімен қысқаша таныстырды.

Әңгімелесуге байқаушы ретінде Зайсан ауданы әкімдігінің SMM бөлімінің маманы Жігерқызы Нұршырақ және онлайн режимде Мемлекеттік қызмет Агенттігінің ШҚО  бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ж.Смекенова қатысты.

Үміткер Мұхамадиева Динара Нұрлыбекқызына өзінің қызметтік міндеттеріне орай, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардан және  басқа да функционалдық міндеттеріне байланысты сұрақтар қойылып, өз білімі деңгейінде жауаптар қайтарды.

Қойылған сұрақтарға үміткердің берген жауаптары және қызметтік талапқа сәйкестігі комиссия мүшелерімен төмендегідей бағаланды:

Мұхамадиева Динара Нұрлыбекқызы -  2,58

Конкурстық комиссия мүшелері дауысқа салды

Жақтап дауыс берген – (Г. Закенова, А.Бабагумарова)

Қарсы дауыс берген – (О. Шәріпбеков, Д.Серіков, Ә. Жұмағалиев)

Комиссия мүшелері үміткер Мұхамадиева Динара Нұрлыбекқызымен әңгімелесу жүргізді. Әңгімелесу видео таспаға түсіріліп, видео аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінде сақталуда.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, көпшілік дауыспен конкурстық комиссия.

ШЕШТІ:

«Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маман  1 бірлік  (E-R-4 санаты) бос лауазымға үміткер Мұхамадиева Динара Нұрлыбекқызы конкурс комиссиясының шешімі бойынша оң қорытындысын алған жоқ.

Дата публикации
28 июля 2023