Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі монета өнімдерін кеңінен таныстыру шеңберінде, «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасын әзірледі.
Мобильді қосымша Ұлттық Банктің барлық шығарылған монеталары туралы ақпаратты қамтитын айналыс, коллекциялық және инвестициялық монеталардың электрондық каталогы.
Қосымшада өзіндік электрондық базаны (коллекцияны) жасау мүмкіндігі бар әртүрлі пайдалану опциялары қамтылған. Бұл әсіресе коллекционерлер үшін өте маңызды, өйткені бұл қағаздағы қол жетімді монеталардың есебін жүргізуге ыңғайлы балама.
Мобильді қосымшасы – бұл Қазақстанның нумизматика тарихына саяхат, түрлі дәуірлер мен кезеңдердегі сәулет және мәдени ескерткіштермен, маңызды тарихи оқиғалармен және қазақ халқының көрнекті қайраткерлерімен, оның бай мәдениеті мен дәстүрлерімен танысу.
Мобильді қосымшаны:
PlayMarket https://play.google.com/store/apps/details?id=com.nbrkcoins және AppStore https://apps.apple.com/kz/app/%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D1%82%D1%8B-%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0/id1622348871