Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті «электрондық үкімет » порталында заңды тұлғаның басшысын өзгерту қызметі мәселесі бойынша келесіні хабарлайды.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер тіркеуші органның қатысуынсыз электрондық хабарлама негізінде электронды үкімет веб-порталы арқылы автоматтық режимде енгізіледі. Құрылтайшылар саны бір құрылтайшыдан көп заңды тұлғаның басшысы өзгерген кезде хабарлама заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі -ЭЦҚ) арқылы беріледі. Осы хабарлама жалпы жиналыстың төрағасымен және хатшысымен олардың ЭЦҚ арқылы келісіледі. Егер құрылтайшы жалғыз болса, онда келісу онымен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін заңды тұлғаның өзі жауапты болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан
облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық тіркеу
және жер кадастры бөлімі