2023 жылғы қаңтар-ақпандағы жедел ақпарат мәліметтері бойынша Зайсан ауданының бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 463,2 млн. теңгені құрады.
Мекемелер мен кәсіпорындардың тұтынушы тауарларын сатуы 641,1 млн. теңгені; жеке кәсіпкердердің, соның ішінде базарда сауда жасайтын сатуы 822,1 млн. теңгені құрайды.
Сатудың негізгі үлесі (56,2%) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың еншісіне тиесілі.
2023 жылғы қаңтар-ақпан айларында бөлшек сауданың нақты көлем индекстері Зайсан ауданы бойынша 101,4 % құрады.