Зайсан ауданы бойынша 2023 жылға  шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы  2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту  туралы» қаулысына сәйкес  Зайсан  аудандық мәслихаты ШЕШТІ:       

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы жарнаның мөлшерлемелері 2023  жылғы  1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда- болу құнының  1 (бір) пайызы  бекітілсін.          
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялау күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Зайсан ауданы бойынша 2023 жылға  шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
10 января 2023