«2022-2024 жылдарға арналған Зайсан ауданыны Зайсан қаласының бюджеті туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешім жобасына түсіндірме жазба
2022-2024 жылдарға арналған қала бюджетінің параметрлерін нақтылауға үнемделген қаражаттарды қайта бөлу және қосымша трансферттер берілу негіз болып отыр.
2022 жылдға арналған Зайсан қала бюджетінде үнемделген қаражаттарды және қосымша трансферттерді бөлгеннен кейін 2022 жылға қала бюджетінің шығындары 286 541,0 мың теңгені құрады, соның ішінде функционалдық топтар бойынша:
Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар – 50 097,0 мың теңге;
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру –62 539,0мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық –156 730,0мың теңге;
Көлік және коммуникация –17 175,0мың теңге.
Зайсан қала әкімі: Дутбаев А.Ж