Зайсан ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды  әлеуметтік  қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан   Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар  үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығының 8-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген), Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

Зайсан ауданы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Дата публикации
19 октября 2022