«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес, Зайсан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2021 жылғы 11 маусымдағы Шығыс Қазақстан облысы ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ: