28.02.2022 ж. Зайсан қаласы
Зайсан ауданы әкімінің 2020 жылдың 14 тамызындағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» №1-141 ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы «бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімі, ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі, заң және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі, персоналды басқару қызметі бөлімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары.