Зайсан ауданы әкімдігі, кәсіподақтардың (қызметкерлердің) аудандық және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021 - 2023 жылдарға арналған КЕЛІСІМІ

Біз, Зайсан ауданы атқарушы билік органдарының, кәсіптік одақтардың аудандық аумақтық бірлестіктерінің және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып, осы қағидаттарды:

Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;

мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;

әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық- шарттық реттеуді жүзеге асыру;

жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет қағидаттарын  тани отырып,

2021 - 2023 жылдарға жасалған Бас келісімді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің негізінде Зайсан ауданы әкімдігі, аудандық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында 2021-2023 жылдарға арналған, әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын осы Аудандық Келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.

Зайсан ауданы әкімдігі, кәсіподақтардың (қызметкерлердің) аудандық және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021 - 2023 жылдарға арналған КЕЛІСІМІ
Дата публикации
01 июня 2021