Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі-Тұжырымдама) қазіргі Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі ұйымдастыру және азаматтық қоғамды дамыту процестерін білдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды.
Еліміздің Негізгі Заңында Қазақстан халқы өзін еркіндік, теңдік және келісім идеалдарына адал бейбіт азаматтық қоғам ретінде сезінеді, ал Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады, онда азамат, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылықтар болып танылады.