2020 жылы ауданның мәдениет мекемелерімен көптеген мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 22 қаңтар күні ауданымызда ұлы Абайдың 175 жылдығы мерейтойының салтанатты түрде ашылуына орай «Айттым, сәлем Қаламқас» атты мерекелік концерт аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Гимні музыкасының авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Менің Қазақстаным» атты облыстық ән байқауы өтті.